Қазақстанда автокөлік бағасы қымбаттап барады

Автокөлік, жеңіл көлік, көлік бағасы, қымбатшылық Сурет: Zakon.kz
Елімізде автокөліктің саны азайып, бағасы қымбаттап барады, деп хабарлайды Zakon.kz

Мұндай тұжырымды finprom.kz сарапшылары жасап отыр.

Сарапшылардың айтуынша, Қазақстандағы 100 автокөліктің 60-ы ескі көліктер.

Интернет басылымда 2021 жылдың қазан айының соңында елде 3,8 миллион автокөлік тіркелгені жазылды.

Айта кетейік, елімізде 10 жылдан асқан автокөліктер басым, оның үлесі – 64%.

3 жылдан 7 жылға дейінгі автокөліктер саны бір жылда 12,7%-ға азайып, 508,8 мың болса, 7 жылдан 10 жылға дейінгі автокөліктер саны бірден 16,2%-ға өсіп, 304,7 мыңға жетті.

Бұған қарамастан, көліктердің құны қымбаттап жатыр. Мәселен, 2021 жылғы қаңтар-желтоқсанда көлік бағасы 10,6%-ға қымбаттаған.

Бағаның қымбаттауына жартылай өткізгіштердің тапшылығы, металдардың қымбаттауы және логистикалық дағдарыс әсер етті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз