Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда жұмыртқа күннен күнге қымбаттап жатыр

Қазақстанда жұмыртқа күннен күнге қымбаттап жатыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.11.2023 16:33 Сурет: Zakon.kz
Қазақстанда жұмыртқа қымбаттап жатыр. Тек кейінгі аптада бағасы 1,7% өскен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық статистика бюросының 10 қараша күні хабарлауынша, өткен аптада Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасы орта есеппен 0,1% өсті. Бір жылда бұл өнімдер 5% қымбаттады.

Статистика мамандарының мәліметінше, өткен аптада елімізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 19 түрінің 11-і қымбаттаған. Бірінші кезекте 1,7% қымбаттап, тауық жұмыртқасы алға шығып тұр. Үкімет мәселенің себебін анықтап, болдырмауға уәде бергенімен, жұмыртқа арзандар емес. 

Қазақстанда бір аптада жұмыртқадан бөлек азық-түліктің мына түрлері қымбаттады:

  • тауық еті 0,6%;
  • тұз, сүт, күріш 0,3%;
  • сиыр еті, айран, сүзбе, сары май, ұн 0,2%;
  • макарон өнімдері 0,1%.

Алайда көкөністердің бағасы түсіп жатыр, бірақ бұл – әр маусымда болатын құбылыс. Картоп (-1,7%), қырыққабат (-1,3%), пияз (-1,2%), сәбіз (-1%) арзандады. Қант, күнбағыс майы мен қарақұмық бағасы да аздап төмендеді. Нанның құны өзгерген жоқ.

Қазақстанда тауық жұмыртқасы бірнеше апта қатарынан қымбаттап жатыр. Қазан айының соңында үкіметте өткен жиында жұмыртқа бағасын қалыптастыруда құс фабрикалары тарапынан да, сауда желілерінде де заң бұзушылық анықталғаны белгілі болды. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі аумақтық департаменттеріне бағаны төмендету бойынша шаралар қабылдау тапсырылды. Осыған қарамастан жұмыртқа қарашаның басында да қымбаттай берді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: