Полицейлер сусабын ұрлаған жасөспірімді ұстады

Жасөспірім ұсталды Сурет: pixabay
Нұр-Сұлтан қаласында 16 жастағы жасөспірім мен оның 20 жастағы досы Қабанбай батыр даңғылындағы дүкеннен 13 құты сусабын ұрлап, ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz
Олар ұрланған заттарды белгісіз адамдарға арзан бағада өткізбек болған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұрлық жасаған күдіктілер ұсталып, заттай дәлелдемелер алынды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, күдіктілердің осыған ұқсас бұрын жасалған қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр. Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті

Кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірім ювеналды полиция қызметкерлері тарапынан ерекше бақылауға алынды. Ал жасөспірімнің заңды өкілдеріне қатысты баланы тәрбиелеуде міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік іс қозғалды.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті азаматтарға сақ болуды, шағын және орта бизнес нысандарын бейнебақылау камералары мен күзетпен жабдықтауға кеңес берді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз