Сақтандыру омбудсменінің жұмысы жайлы не білеміз

Омбудсман Сурет: ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі
Қазақстандықтардың көбі сақтандыру омбудсманының қандай жұмыс істейтінін және қандай мәселелер бойынша оған хабарласуға болатынын біле бермейді. Zakon.kz тілшісі сақтандыру омбудсманының атқаратын қызметі жайлы баяндайды.

Қазақстанда сақтандыру омбудсманы 2007 жылдан бері жұмыс істейді. Ол негізгі қызметі сақтандыру компаниялары мен олардың клиенттері арасындағы жасалған сақтандыру шарттары бойынша дауларды соттан тыс шешу болып табылатын тәуелсіз тұлға.

Сақтандыру ұйымының клиенті үшін сақтандыру омбудсманының қызметтері тегін көрсетіледі.

Көбінесе сақтандыру омбудсманына көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру (КҚИ АҚЖМС) шеңберінде сақтандыру төлемінің сомасына, көлік құралына келтірілген залалдың мөлшерін бағалауға, төлеуден бас тартуға және т.б. байланысты даулар бойынша жүгінеді.ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі

Сақтандыру омбудсманының қарастыруға құқығы бар даулар бойынша талаптардың мөлшері 10 000 АЕК-тен аспауы керек, бұл 2022 жылға 30 630 000 теңгеге тең.

Тағы бір маңызды жайт, сақтандыру омбудсманының шешімі сақтандыру компаниясы үшін міндетті болып табылады. Яғни, уәкілетті органның немесе соттың шешімдерін орындау міндеттелген сияқты сақтандырушыға сақтандыру омбудсманының шешімін орындау да міндетті.

Сақтандыру омбудсманының www.insurance-ombudsman.kz ресми сайтында жарияланған мәліметке сәйкес, өткен жылы сақтандыру омбудсманы 538 дауды қараған.

2019 жылғы 29 қарашадан бастап сақтандыру омбудсманының өкілеттіктері Павел Завалкоға жүктелді. Сақтандыру қызметтерін тұтынушылар сақтандыру омбудсманының кеңсесіне келесі байланыс деректері бойынша хабарласа алады:

телефоны: (727) 382-41-74,

электрондық поштасы office@omb.kz,

сайты www.insurance-ombudsman.kz,

мекенжайы: Алматы қ., 28/7 Рысқұлбеков көш., «Бай-Тал» тұрғын үй кешенінің аумағы, 2 қабат.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз