Сақтандыру төлемін қалай алуға болады
Сақтандыру халықты әлеуметтік қорғаудың сапалы институты және экономиканы қаржыландырудың ұзақ мерзімді көзі болып табылады. Жасалған сақтандыру шартының болуы сақтанушыны және оның мүлкін тәуекелдерден қорғауды қамтамасыз етеді.
Азаматтардың өмірі мен денсаулығына, азаматтардың және кәсіпкерлік субъектілерінің мүлкіне келтірілген зиянды сақтандыру сақтандырудың ерікті сыныптары шеңберінде жүзеге асырылады. Сақтандыру шарттары және сақтандырудың ерікті сыныптары бойынша сақтандыру төлемдерін алу тәртібі сақтандыру келісімшарттарымен айқындалады.Агенттіктің сыртқы коммуникациялар басқармасы
Осылайша, егер азамат немесе кәсіпкер ерікті сақтандыру шартын жасаса және сақтандыру жағдайы орын алса, яғни нәтижесінде өміріне, денсаулығына немесе мүлкіне зиян келтірілген оқиға болса, бірінші кезекте, жасалған сақтандыру келісімшартының талаптарын талдау қажет.
Келісімшартта сақтандыру жағдайы ретінде қандай оқиғалар белгіленгеніне, сақтандыру сомасының және белгіленген сақтандыру төлемінің мөлшеріне, қандай жағдайларда сақтандыру компаниясы сақтандыру төлемінен алудан бас тартуға құқылы екеніне және келісімшарттың басқа да елеулі талаптарына назар аудару қажет.
Әрі қарай, егер сақтандыру шартында келтіріген шығындарды өтеу қарастырылған болса, сіз сақтандыру төлемін алу үшін келісімшарт жасалған сақтандыру компаниясына жүгінуіңіз керек. Сақтандыру жағдайы болған кезде сақтандыру компаниясына ұсынылуы тиіс құжаттардың тізбесі шартпен айқындалған.