Тоқаев келісімшарттарға қол сұғылмайтынына, жемқорлықпен күреске кепілдік берді

Жаңа Қазақстан Сурет: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-де жаңа Қазақстанның мақсаты азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталғанын жазды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстан экономикасы орнықтылығын көрсетті. Үкімет отандық, шетелдік инвесторлар мен сауда жөніндегі серіктестеріміздің сенімін арттыру үшін барлық қажетті шараны қабылдайды. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

Мемлекет басшысы жаңа Қазақстанның мақсаты азаматтардың әл-ауқатын арттыру, табыс алшақтығын жою, жұмыс орындарын ашу және инфляцияны тежеу екенін баса атап өтті. Біздің барлық күш-жігеріміз миллиондаған қазақстандықтың қауіпсіздігі мен тұрмыс жағдайының сапасын жақсартуды қамтамасыз етуге бағытталған.

Біз ұлттық экономиканың ашықтығына, келісім-шарттарға қол сұғылмайтынына, зияткерлік меншік құқығы сақталатынына және жемқорлықпен аяусыз күрес жалғаса беретініне кепілдік береміз. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев
Басты Топ LIVE Бәрі
bellz
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз