Жаңалықтар тізбегі
0

Бейжің Олимпиадасында тау шаңғысынан Қазақстан атынан үш спортшы бақ сынайды

Олимпиада, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.01.2022 23:38 Сурет: olympic.kz
Тау шаңғысынан Қазақстан командасының бас бапкері Бейжің Олимпиадасына жолдамалардың қалай үлестірілгенін айтты. Тау шаңғысынан Қазақстан командасында слалом және гигантты слалом бойына үш квота бар, деп хабарлайды Zakon.kz

Олимпиадаға ерлер арасынан Захар Кучин қатысады, ал әйелдер арасындағы бір жолдамаға Александра Троицкая мен Каролина Лата үміткер. Бас бапкер Алексей Шубиннің айтуынша, әйелдер арасынан Бейжіңге кімнің баратыны бақылау жаттығуында шешіледі. 

Бізде әлі күнге дейін квоталарды бөлу процесі жүріп жатыр. Қазіргі сәтте Захар Кучиннің жолдамасы ресми түрде расталғанын айта аламыз. Захар Шығыс Қазақстан облысынан шыққан тәжірибелі спортшы. Ол 2017 жылғы Азия ойындарына, 2017-2019 жылдардағы Универсиадаға, құрлықтық турнирлер мен чемпионаттарға қатысқан. Қазір ол Олимпиада алдындағы соңғы жаттығуларын өткізіп жатыр. Әйелдер арасында жолдамаға Александр Троицкая мен Каролина Лата үміткер. Екеуінің бірі барады. Троицкая 2020 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасының қатысушысы. Соңғы шешімді біз бақылау жаттығуында қабылдаймыз. Қазір Шымбұлақта дайындық өтуде, бәрінің де денсаулығы жақсы. Тау шаңғысынан Қазақстан командасының бас бапкері Алексей Шубин.

Айта кетелік, 19 қаңтардағы мәлімет бойынша, биатлон, шаңғы жарысы, фристайл, конькимен жүгіру спортынан іріктеу аяқталды. Ал шорт-тректен Олимпиадаға қатысатын спортшылар құрамы жарияланды. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: