Тау шаңғысы: Алып слалом бойынша сынға түскен қазақстандық жарысты аяқтай алмады
ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі
Бейжің Олимпиадасында тау шаңғысынан алып слалом бойынша сынға түскен Захар Кучин жарысты аяқтай алмады, деп хабарлайды Zakon.kz
Спортшы Olimpic.kz сайтына берген сұхбатында өзінің сәтсіздігін ауа райының қолайсыздығы әсер еткен секілді деп түсіндірді.
Бүгінгі ауа райы көптеген спортшыға кері әсерін тигізді. Жарысты бастаған 90 адамның жартысы ғана мәреге жете алғанын көрдіңіздер. Менің негізгі мақсатым — бірінші мүмкіндігімде мәреге дейін құламай жету еді. Кейін бапкерлермен ақылдасып, екінші мүмкіндігімді ойластыруды көздегенбіз. Бірақ таудан түсер кезде, яғни, жоғары жақта бірден техникалық қате жіберіп, жарысты аяқтай алмадым. Негізі, дәл осы алып слаломда жақсы өнер көрсетуші едім. Ойлағанымдай болмады. Енді слалом бәсекесін күтеміз. Захар
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript