2026 жылғы Олимпиададағы тау шаңғысы: Александра Скороходова слалом-гигантта бақ сынады

2026 жылғы Олимпиададағы тау шаңғысы: Александра Скороходова слалом-гигантта бақ сынады, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.02.2026 20:01 Сурет: olympic.kz
Қазақстандық спортшы Александра Скороходова Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында тау шаңғысынан сынға түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандасымыз слалом-гигант бағдарламасында ел намысын қорғады.

Айта кетейік, бұл сайыста екі кезеңнің қорытындысы бойынша үздік уақыт көрсеткішін тіркеген спортшы жеңімпаз атанады.

Нәтижесінде Александра Скороходова 2:23.31 уақыт көрсеткішімен 37-орынға тұрақтады.

Италиялық Федерика Бриньоне екінші мәрте Олимпиада чемпионы атанды - 2:13.50. Бұған дейін ол супергигантта топ жарған еді. Швециялық Сара Хектор және норвегиялық Стьернесунн Теа Луиз бірдей уақыт көрсеткішін тіркеп (2:14.12), екінші орынға ие болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: