Тау шаңғысы: Александра Скороходова 2026 жылғы Олимпиадада дебют жасады
Сурет: olympic.kz
Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында қазақстандық спортшылар тау шаңғысынан өнер көрсетуді бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әйелдер арасындағы супергигантта Қазақстан атынан Александра Скороходова сынға түсті.
Отандасымыз 1:31.22 уақыт көрсеткішін тіркеді. Осылайша ол 25-орын алды.
Италиялық Федерика Бриньоне (1:23.41) жарыста жеңімпаз атанды. Күміс жүлде франциялық Роман Мирадолиға (1:23.82) бұйырды. Ал австриялық Корнелия Хюттер (1:23.93) қола медальға ие болды.
Айта кетейік, сондай-ақ Александра Скороходова слалом және слалом-гигантта сынға түседі.
Бұл Александра Скороходова үшін алғашқы Олимпиада ойындары.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript