Олимпиада-2026: қазақстандық шорт-трекшілер 500 метр қашықтықта бақ сынады

Олимпиада-2026: қазақстандық шорт-трекшілер 500 метр қашықтықта бақ сынады, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.02.2026 18:53 Сурет: olympic.kz
Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында шорт-тректен жарыстар басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төртжылдықтың басты додасында алғаш болып 500 метр қашықтықта сынға түсетін спортшылар өнер көрсетті.

Бұл қашықтықта Қазақстан құрамасының атынан Яна Хан мен Ольга Тихонова бақ сынады.

Ольга Тихонова іріктеу кезеңінің алғашқы жарысында төртінші болып мәреге жетті. Нәтижесінде ол ширек финалға өте алмады. Айта кетейік, бұл кезеңге әр жарыстан екі үздік спортшы, сондай-ақ үшінші орын алғандардың ішінен ең жақсы уақыт көрсеткішін тіркеген төрт шорт-трекші жолдама алды.

Ал Яна Хан жарыс барысында құлап, төртінші орынмен шектелді де, осы қашықтықтағы өнерін аяқтады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: