Олимпиада-2026: қазақстандық биатлоншылардың жекелей сайыстағы нәтижесі

Олимпиада-2026: қазақстандық биатлоншылардың жекелей сайыстағы нәтижесі, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.02.2026 19:58 Сурет: olympic.kz
Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында қазақстандық биатлоншылар ерлер арасындағы 20 шақырымдық жекелей жарыста өнер көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл сайыста ел намысын Әсет Дүйсенов пен Владислав Киреев қорғады.

Құрама сапында ең үздік нәтижені Владислав Киреев көрсетті. Ол 53-орында мәреге жетті. Ал Әсет Дүйсенов жарысты 74-орында аяқтады.

Йохан-Олав Ботн (Норвегия) жеңіске жетті. Франция спортшысы Эрик Перро күміс медальға ие болса, қола жүлде Стурла Легрейдке (Норвегия) бұйырды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: