Олимпиада-2026: қазақстандық шаңғышылардың спринттегі нәтижесі қандай

Олимпиада-2026: қазақстандық шаңғышылардың спринттегі нәтижесі қандай, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.02.2026 17:36 Сурет: olympic.kz
Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында әйелдер арасындағы спринттен кейін ерлер сайысының іріктеу кезеңі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шаңғы жарысынан ширек финалға шығу үшін Қазақстан құрамасының үш өкілі бақ сынады.

Әйелдер жарысындағыдай, іріктеуден сәтті өту үшін үздік 30 спортшының қатарына кіру қажет болды.

Виталий Пухкало 75-орынмен мәреге жетсе, Әмірғали Мұратбеков 76-орын алды. Ал Наиль Башмаков 85-орынға тұрақтады.

Іріктеу кезеңіндегі ең үздік нәтижені Норвегия өкілі Йоханнес Клебо көрсетті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: