Александра Скороходова тау шаңғысынан Италиядағы турнирде күміс медаль иеленді

Александра Скороходова тау шаңғысынан Италиядағы турнирде күміс медальға ие болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.01.2026 19:43 Сурет: olympic.kz
Қазақстан құрамасының спортшысы Александра Скороходова тау шаңғысынан Италияның Поцце-ди-Фассе қаласында өтіп жатқан Ашық чемпионатта екінші орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық спортшы слалом жарысында күміс медальға ие болды.

Бірінші орынды италиялық Франческа Фанти иеленді. Үшінші орынға Валентина Филл (Италия) жайғасты.

Айта кетейік, бұған дейін отандасымыз FIS турнирінде алтын медальға ие болған еді.

Александра Скороходова Қазақстан атынан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында өнер көрсетеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: