Жаңалықтар тізбегі
0

Биыл мемлекеттік білім гранттарының саны 5 мыңға артады

Студент, ЖОО, универ, грант, білім, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.01.2022 11:54 Сурет: pixabay.com
2022 жылы қазақстандық ЖОО-ында оқуға арналған білім гранттарының саны тағы 5 мыңға артады, деп хабарлайды Zakon.kz

Осылайша гранттың жалпы саны 61 мыңға дейін жетеді.

Жаңа гранттар студенттер арасында сұранысқа ие және өзекті мамандықтарға бөлінеді. Жалпы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жоғары білімнің қолжетімділігін арттыру үшін 2025 жылға дейін білім беру гранттарының саны кезең-кезеңімен тағы да 15 мыңға артады.

Сонымен бірге білім беру гранттарын бөлу кезінде азаматтардың әлеуметтік осал санаттары үшін квоталар көзделген.

Президенттің қолдауының арқасында бюджет есебінен оқуға мүмкіндік алған қазақстандық мектеп түлектерінің саны артты. Мысалы, былтыр бізге 75 мыңнан астам өтінім түсті. Оның ішінде 56 мыңнан астам талапкер грант алды. Биыл гранттар саны 61 мыңға жетеді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша көпбалалы немесе толық емес отбасылардан шыққан балалар, сонымен қатар отбасында ерекше қажеттілік бар балаларды тәрбиелеп отырған талапкерлер грант алу үшін әлдеқайда көп мүмкіндіктерге ие болады.Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: