Өлімге әкелетін аса қауіпті инфекциялар

Вирус Сурет: pixabay
Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының және Internet – ProMed былтырға мәліметтер бойынша аса қауіпті инфекциялардың тізімін қайта жасақтады, деп хабарлайды Zakon.kz

Сонымен қатар, әлемдегі эпидемиологиялық жағдай нашар екені айтылды.

Оба ауруымен әлемде 175 адам сырқаттанған, 21 адам қайтыс болды. Оның ішінде: Конго Демократиялық Республикасы – 130 жағдай, 14 қайтыс болды; Мадагаскар –  41 жағдай, оның 6-уы қайтыс болды; АҚШ-та 3 жағдай, оның 1-уі қайтыс болды; Қытайда 1 жағдай, өліммен аяқталған жоқ.

          Тырысқақпен әлемде – 141 327 адам сырқаттанып, олардың 4050 қайтыс болған. Оның ішінде: Африка аймағының 13 елінде (Нигерияда 107 911 жағдайы тіркеліп, 3598 адам қайтыс болды; Мозамбик – 3983 жағдай, оның 8-і қайтыс болған; Конго Демократиялық Республикасы – 10029  жағдай, оның 179 қайтыс болған; Камерун – 499 жағдай, 18 адам қайтыс болды;  Эфиопия – 582 жағдай, 7 қайтыс болды; Кения – 36 жағдай, өліммен аяқталған жоқ; Нигер – 5591 жағдай, 166 адам қайтыс болды; Буркина-Фасо – 2 жағдай, өліммен аяқталған жоқ; Мали – 11 жағдай, 5 адам қайтыс болды; Бенин – 1173 жағдай, 11 адам қайтыс болды; Того – 39 жағдай, 5 адам қайтыс болды; Бурунди -1 жағдай, өліммен аяқталған жоқ; Уганда – 173 жағдай, өліммен аяқталған жоқ); Оңтүстік-Шығыс Азияның 2 елінде (Үндістан – 1307 жағдай, оның 9 қайтыс болған; Непал – 885 жағдай, 4 адам қайтыс болды); Шығыс Жерорта теңізі аймағының 3 елінде (БАӘ – 8 жағдай, өліммен аяқталған жоқ, Бангладештен әкелінген; Йемен – 5120 жағдай, оның 3 қайтыс болған; Сомали – 3971 жағдай тіркеліп, 35 адам қайтыс болды); Батыс Тынық мұхит аймағында (Малайзия – 1 жағдай, өліммен аяқталған жоқ); Қытайда 5 жағдай, өліммен аяқталған жоқ.

             Күйдіргі ауруымен әлемде 471 адам сырқаттанған, 6 адам қайтыс болды. Оның ішінде: Африка аймағының 4 елінде (Кения – 6 жағдай, оның 1-уі қайтыс болды), (Уганда – 15 жағдай, оның 1-уі қайтыс болды),  (Буркина-Фасо – 8 жағдай, оның 2 қайтыс болды), (Зимбабве – 212 жағдай, өліммен аяқталған жоқ); Еуропа аймағының 6 елінде (Испания – 2 жағдай, өлімен аяқталған жоқ), (Ресей – 2 жағдай, өліммен аяқталған жоқ), (Болгария – 1 жағдай, өліммен аяқталған жоқ), (Армения – 8 жағдай, өліммен аяқталған жоқ), (Қазақстан – 27 жағдай, өліммен аяқталған жоқ), (Қырғызстан – 16 жағдай, өліммен аяқталған жоқ); Батыс Тынық мұхиты аймағында: Қытайда – 162 жағдай, 2-уі өліммен аяқталды. Оңтүстік-Шығыс Азияның 2 елінде (Индонезия – 6 жағдай, өліммен аяқталған жоқ), (Үндістан – 6 жағдай, оның 1-уі қайтыс болған); Шығыс Жерорта теңізі аймағында: Иракта 5 жағдай, өліммен аяқталған жоқ. Америка аймағында, Аргентинада 1 жағдай, өліммен аяқталған жоқ.

             Туляремия: әлемде 10 жағдай тіркелген, Еуропа аймағының 4 мемлекеттерінде (Беларусь Республикасында – 2 жағдай, өліммен аяқталған жоқ), (Украина – 1 жағдай, өліммен аяқталған жоқ), (Испания – 5 жағдай, өліммен аяқталған жоқ), (Қазақстан Республикасы – 1 жағдай, өліммен аяқталған жоқ); Батыс Тынық мұхиты аймағында: Тайваньда – 1 жағдай, өліммен аяқталған жоқ.

             Қырым-Конго геморрагиялық қызбасымен әлемде – 360 адам сырқаттанып, олардың 25 қайтыс болған. Оның ішінде, Шығыс Жерорта теңізі аймағының 2 елінде: (Пәкістан – 6 жағдай, 2-уі өліммен аяқталды), (Ирак – 45 жағдай, 9 адам қайтыс болды);  Еуропа аймағының 5 елінде (Испания – 5 жағдай, өліммен аяқталған жоқ), (Ресей – 41 жағдай, өліммен аяқталған жоқ), (Түркия – 243 жағдай, оның 13 қайтыс болды), (Грузия – 1 жағдай, өліммен аяқталды), (Қазақстан – 19 жағдай, өліммен аяқталған жоқ). Африка аймағында: Уганда – 2 жағдай, өліммен аяқталған жоқ, ОАР – 1 жағдай, өліммен аяқталған жоқ.

             Бүйрек синдромды геморрагиялық қызбасы ауруының дүниежүзі бойынша 2916 жағдайы тіркелген, соның ішінде Еуропа аймағының 2 елінде: Ресей Федерациясы – 240 жағдай, өліммен аяқталған жоқ, Беларусь Республикасы – 19 жағдай, өліммен аяқталған жоқ. Батыс Тынық мұхиты аймағында Қытайда 2657 жағдай, оның 14 өліммен аяқталды.

             Эбола қызбасымен дүниежүзі бойынша – 40 адам сырқаттанып, олардың 20 қайтыс болды. Оның ішінде: Африка аймағының 3 елінде (Конго Демократиялық Республикасы – 23 жағдай, оның 15 қайтыс болған), (Гвинея –16 жағдай, оның 5 қайтыс болған), (Кот-д’Ивуар – 1 жағдай, өліммен аяқталған жоқ).  

             Ласса қызбасы Африка аймағының 4 елінде - 558 адамның сырқаттануы тіркеліп, 133 адам қайтыс болған. Оның ішінде: Нигерия – 510 жағдай, 102 адам қайтыс болған, Либерия – 24 жағдай, 15 адам қайтыс болған, Гвинея – 8 жағдай, 7 адам қайтыс болған, Сьерра-Леоне – 16 жағдай, 9 адам қайтыс болған.

             Денге қызбасымен әлемде – 1 638 240 адам сырқаттанып, олардың 1151 қайтыс болған. Оның ішінде, Америка аймағының елдерінде 1 187 287 жағдай тіркеліп, олардың 416 қайтыс болды. Батыс Тынық мұхиты аймағында 221 189  жағдай тіркеліп, олардың 399 қайтыс болды.   Африка аймағында 1300 жағдай тіркеліп, олардың 2-уі қайтыс болды. Еуропа аймағының ішінде, Ресейде 2 сырттан келген жағдай тіркелген, өліммен аяқталған жоқ. Оңтүстік-Шығыс Азияда: Үндістанда 164 103 жағдай, 146 адам қайтыс болды, Таиландта – 9878 жағдай, оның 4 –уі қайтыс болды, Непалда 51 жағдай, оның 1-і қайтыс болды. Шығыс Жерорта теңізі аймағында: Пәкістанда – 48906 жағдай, 183-і өліммен аяқталды, Йеменде – 5224 жағдай, өліммен аяқталған жоқ, Ауғанстанда 300 жағдай, өліммен аяқталған жоқ.

           Сары қызбамен әлемде 353 адам сырқаттанып, олардың 31 қайтыс болған. Оның ішінде, Америка аймағының 3 елінде: (Бразилия – 103 жағдай, 3 адам қайтыс болды), (Венесуэла – 11 жағдай, өліммен аяқталған жоқ), (Перу – 18 жағдай, 7 адам қайтыс болды);  Африка аймағының 7 елінде (Чад – 45 жағдай, өліммен аяқталған жоқ), (Конго Демократиялық Республикасы – 2 жағдай, өліммен аяқталған жоқ), (Нигерия – 42 жағдай, 2 адам қайтыс болды), (Камерун – 35 жағдай, 7 адам қайтыс болды), (Орталық Африка Республикасы – 2 жағдай, 1 -і өліммен аяқталды), (Кот-д'Ивуар – 5 жағдай, өліммен аяқталған жоқ), (Гана – 90 жағдай, 11 адам қайтыс болды).

           Хантавируспен  әлемде 39 адам сырқаттанып, олардың 5 қайтыс болған. Оның ішінде: Америка аймағының 4 елінде (АҚШ – 5 жағдай, өліммен аяқталған жоқ), (Аргентина – 6 жағдай, өліммен аяқталған жоқ), (Чили – 7 жағдай, 3 адам қайтыс болды), (Панама – 11 жағдай, 1 адам қайтыс болды), Батыс Тынық мұхиты аймағында: Тайваньда 8 жағдай, өліммен аяқталған жоқ. Еуропа аймағында, Германияда 1 жағдай, өліммен аяқталған жоқ. Арика аймағында, ОАР – 1 сырттан келген жағдай, өліммен аяқталған жоқ.

          Кьясанур орман ауруының дүниежүзі бойынша 5 жағдайы тіркелді, соның ішінде Үндістанда – 4 жағдай, өліммен аяқталған жоқ және Ресей Федерациясында 1 жағдай, өліммен аяқталған жоқ.

          COVID-19 коронавирустық инфекциясының әлем бойынша (2020 жылды қоса алғанда) 287 991 834 жағдайы тіркеліп, 5 129 325  адам қайтыс болды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз