Жаңалықтар тізбегі
0

Берік Беркімбаев ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары болды

 Берік Серікұлы Беркімбаев , сурет - Zakon.kz жаңалық 20.01.2022 17:30 Сурет: Zakon.kz
Серікұлы Беркімбаев Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz

Бұл туралы Ақорданың сайтында жарияланды.

"Мемлекет басшысының өкімімен Берік Серікұлы Беркімбаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары болып тағайындалды," – делінген.

Бұрын ол Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры болған.

Бұған дейін бұл қызметті Марат Дәуешов атқарды.

Берік Беркімбаев 2018 жылдан бастап ҚР Әділет министрлігінің Стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры болып жұмыс істеді.

Еңбек өтілі:

Алматы, Оңтүстік-Шығыс көлік аймағы бойынша ҚСжАО кадр жұмысы және ішкі қауіпсіздік жөніндегі аға прокуроры, прокурор (2001-2004);

ҚР Бас прокуратурасының ҚСжАЕК басқармасының аға прокуроры, Астана (2004-2005);

ҚР Бас прокуратурасының Алматы облысы бойынша ҚСжАЕКБ бастығының орынбасары, Талдықорған (2005-2009);

ҚР Бас прокуратурасының Алматы облысы бойынша ҚСжАЕКБ бастығы, Талдықорған (2009-2010);

Алматы облысы прокурорының кадр жұмысы жөніндегі аға көмекшісі, Талдықорған (2010);

Жоғарғы Соттың және ҚР Әділет министрлігінің атқарушылық өндірістерін қамтамасыз ету саласында басшылық лауазымдардағы жұмыс (2010-2011);

Ақмола облысы бойынша сот актілерін орындау департаментінің басшысы (2011-2014);

Ақмола облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары (2015-2016);

ҚР ӘМ мемлекеттің мүліктік құқықтарын қорғау департаменті директорының орынбасары, Астана (2016-2017);

Ақтөбе облысы Әділет департаментінің басшысы (15.02.2017-09.2018).

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: