Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан – Қытай шекарасындағы өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істеп тұр

Кеден, Қазақстан, Қытай, "Қорғас", сурет - Zakon.kz жаңалық 21.01.2022 09:35 Сурет: Zakon.kz
Тоқаевтың тапсырмасымен Қазақстан – Қытай шекарасында тексеріс жүргізіліп жатыр. Шекарадағы өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz

Комитеттегілердің айтуынша, Қазақстан – Қытай шекарасындағы жүргізіліп жатқан тексерулер тауарларды кедендік шекара арқылы заңды түрде өткізуге кедергі келтірмейді.

Қазіргі уақытта Мемлекет басшысының тапсырмасы шеңберінде  Бас прокуратура, Қаржы мониторингі агенттігі және Қаржы министрлігі өкілдерінен арнайы құрылған жұмыс тобы Қазақстан – Қытай шекарасында тексерулерді жүргізуде. Тексеру тек қана уәкілетті экономикалық операторлар мәртебесі бар импорттаушыларға қатысты жүзеге асырылады.

Мемлекеттік кірістер комитеті атап өткендей, тексеру қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шаралар қабылданады.

Жүргізіл жатқан тексерулер тауарларды кедендік шекара арқылы заңды түрде өткізуге кедергі келтірмейді және адал бизнес сыртқы экономикалық қызметті шектеусіз жүзеге асырады.

2021 жылдың қорытындысы бойынша нарықта ҚХР-мен импорттық операцияларды жүзеге асыратын 7241 сыртқы экономикалық қызметке  қатысушылар жұмыс істейді, оның ішінде 17 субъекті УЭО болып табылады, оларға импорттың барлық көлемінің 18%-ы тиесілі. Бұл ретте 5 УЭО – өз мұқтаждары үшін өнімдерді импорттайтын өндірістік сектор және 2 УЭО квазимемлекеттік сектор («Қазпочта» АҚ және «ҚТЖ» АҚ еншілес ұйымы – «KTZ Express» АҚ).

Атап өтерлігі, Қазақстан – Қытай шекарасындағы өткізу пункттері мен тауарларды кедендік тазартудың өзге де орындары белгіленген жұмыс режиміне сәйкес қызмет жасауын жалғастыруда.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: