Қазақстан – Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттері уақытша жабылады
Сурет: gov.kz
2023 жылғы 6 шілде күні Қазақстан – Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттері жұмыс істемейді. Бұл жөнінде Zakon.kz сайтына ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.
Комитет өкілдерінің мәлімдеуінше, өткізу бекеттері Астана күні мерекесіне байланысты жабылады.
"2023 жылғы 6 шілдеде Қазақстан – Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінде тұлғалардың, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайтындығын хабарлайды".ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі
Ал ведомствоның мәлімдеуінше, Қазақстан – Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.
Комитет тасымалдаушылар мен барлық шекараны кесіп өтуге ниет білдірушілерді енгізілген шектеулерді ескере отырып, бағытын алдын ала жоспарлауды сұрады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript