Тоқаев: Бай мен кедей арасындағы алшақтық жол беруге болмайтындай деңгейге жетті

Бизнес өкілдерімен кездесу, президент Сурет: Ақорда
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ірі бизнес қауымдастықтарының жетекшілерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz

Мемлекет басшысы қаңтардың басында болған қайғылы оқиғалар жылдар бойы қордаланып келе жатқан мәселелерді әшкерелеп бергенін айтты. Сондықтан бүгінде бүкіл қоғамдық құрылымды терең өзгертудің стратегиялық міндеті тұр.

Бізге Қазақстан азаматтарының тілектері мен мүдделеріне жауап беретін нақты реформалар қажет. Ел өзгерді, азаматтарымыздың билікке, экономикалық жүйеге, жалпы өмірге деген көзқарасы өзгерді. 11 қаңтарда парламентте айтқанымдай, бай мен кедей арасындағы алшақтық жол беруге болмайтындай деңгейге жетті . Сыбайлас жемқорлықтың фонында, сіздер жақсы білесіздер, кәсіпкерлер бұл құбылысты жақсы біледі, табыс жағынан мұндай айырмашылық жанған сіріңке мен оқ-дәрі толы бөшке рөлін атқарып, оны содырлар мен террористер, оның артында тұрған қастық ойлаушылар пайдаланып кетті.Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз