Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті мерейтойымен құттықтады
Сурет: ҚР Президентінің баспасөз қызметі
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Zakon.kz
Мемлекет басшысы Президент Ильхам Әлиевті 60 жасқа толған мерейтойымен құттықтап, оның жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, бауырлас әзербайжан халқына бақ-береке тіледі, делінген Ақорда хабарламасында.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевтің қазақ-әзербайжан көпжақты ынтымақтастығын нығайтуға қосқан жеке үлесін жоғары бағалап, екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі дамытудың маңызды екенін атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Ильхам Әлиевтің абыройлы басшылығымен Әзербайжанның әлеуметтік-экономикалық даму ісінде және халықаралық аренада толағай табысқа жеткенін айтты.
Президенттер келесі жылы жоғары деңгейде кездесу өткізуге уағдаласты.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript