Нұр-Сұлтанда карантин шаралары күшейтілді

Жаңа қаулы Сурет: Нұр-Сұлтан қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы
Елорданың бас санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатқа сәйкес, Нұр-Cұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтары келесі талаптарды қатаң сақтауы керек:

  • Ashyq жобасына қатысатын кәсіпкерлік объектілеріне кіру үшін Ashyq мобильді қосымшасын, оның ішінде басқа да платформаларды пайдалану қажет (мысалы, eGov mobile, Аitu, Kaspi.kz, Halyk Bank, Sberbank.kz, Альфа-Банк платформаларындағы балама қосымшаны, www.ashyq.kz сайтын);

  • қоғамдық орындарға, оның ішінде қалалық қоғамдық көліктерге және қызметіне рұқсат етілген объектілерге барған кезде, сондай-ақ қоғамдық орындарда ашық ауада болған кезде (бес жасқа дейінгі балаларды қоспағанда және ашық ауада спортпен шұғылдану кезінде) бетперде тағу, әлеуметтік арақашықтықты сақтау және антисептиктерді пайдалану жөніндегі талаптарды қатаң сақтау қажет.

Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына қала тұрғындары арасында вакциналау және ревакциналау жұмыстарын жүргізуді жандандыру ұсынылады.

Қаулының толық мәтінімен мына арадан танысуға болады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз