Жаңалықтар тізбегі
0

Жәмішев «Қазақстан халқына» қоры не үшін құрылғанын түсіндірді

Баспасөз мәслихаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.01.2022 14:37 Сурет: gov.kz
«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры Президенттің тапсырмасы бойынша құрылды, деп хабарлайды Zakon.kz

Оның жұмысы туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басқарма төрағасы Болат Жәмішев айтып берді.

Қор халықтың қандай да бір топтары мемлекет пен жеке бизнес ұсынбайтын қызметтерге мұқтаж болған жағдайларда денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау, мәдениет және спорт саласында қайырымдылық көмек көрсететін болады.

Сондай-ақ, қор еліміздің тұтастығы мен тәуелсіздігін қорғау кезінде қаза тапқан әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің отбасыларына қолдау көрсететін болады. Табиғи және техногендік сипаттағы апаттар кезінде халыққа мемлекетпен бірге көмектеседі.

Cондай-ақ қор балалар үшін спорт объектілерінің және өзге де әлеуметтік маңызы бар көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етуге қатысады.

Қор кедейшілікке байланысты денсаулығы мен болашағына қатер төнген отбасылардан шыққан балаларға көмек көрсетуі тиіс болады деп ойлаймын. Қор көмек алушылармен тікелей өзара іс-қимыл жасамайды. Ол үшін үлкен штат пен филиалдық желі қажет. Біздің елімізде Қордың қызметіне бағытталған мәселелермен айналысатын көптеген қоғамдық ұйымдар жұмыс істейді. Қор олардың серіктесі болады және олар арқылы жұмыс істейді. Бұл ретте қордың ақшасын осы ұйымдардың аппараттарын ұстауға пайдалануға жол берілмейді. Ақша тікелей көмек алушыларға жұмсалады. Қазірдің өзінде 140 қоғамдық ұйым халықтан өтінімдерді бірыңғай электрондық портал арқылы ғана қабылдайды. Бұл портал халық, қайырымдылық ұйымдары мен қор арасындағы байланыс арнасына айналады. Болат Жәмішев
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: