Жаңалықтар тізбегі
0

"Қазақстан халқына қоры" арқылы әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып жатыр

"Қазақстан халқына қоры" арқылы әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып жатыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.11.2023 23:06 Сурет: "Қазақстан халқына қоры"
Мемлекет басшысының қолдауымен 2022 жылы "Қазақстан Халқына" қоғамдық қоры" құрылған еді.

Қор құрылған сәттен бастап, Қызылорда облысының әкімдігімен бірлескен түрде денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау және оңалту салаларындағы күрмеулі мәселелерге қаржылай қолдау көрсету мақсатында бірқатар жобалар жүзеге асуда.

Аталған бағытта соңғы 2 жылда аймаққа 3,0 млрд теңге қаржы бөлінген.

Атап айтқанда, онкологиялық скрининг жүргізуге арналған құны 1,1 млрд теңгені құрайтын 2 жылжымалы медициналық кешен өз жұмысына кірісті. Жылжымалы кешен алғаш рет табысталған республиканың 3 өңірінің бірі ретінде Қызылорда облысы таңдалды. Кешен халықтың денсаулығындағы кінәратты ерте анықтаудың мүмкіндігін арттырады.

Бұл өз кезегінде, шалғай елді мекендердегі тұрғындардың жоғары мамандандырылған медициналық көмекке қолжетімділігін арттыруға, орташа өмір сүру жасын ұзартуға мүмкіндік береді.

2 көліктен тұратын жылжымалы медициналық кешен томосинтез функциясы бар сандық маммографиялық жабдықпен, сарапшылық деңгейдегі ультрадыбыстық жүйемен және жоғары дәлдікпен зерттейтін компьютерлік томографпен жабдықталған. Екі құрал да Жапонияда жасалған. Мұндай кластағы және конфигурациядағы медициналық жабдық Қазақстанда алғаш рет қолданысқа берілуде.


, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.11.2023 23:06

Сурет: "Қазақстан халқына қоры"


"QH Денсаулық жолы" жобасының іске асырылуы онкологиялық ауруға шалдыққандарды ерте сатыда анықтауға мүмкіндік береді. Халықты онкологиялық скринингпен қамту бойынша қазіргі жоспар 60%-ды құрайды. Жобаны енгізу арқылы пилоттық өңірлер бойынша тексерумен қамтуды 70%-ға дейін ұлғайту көзделуде.

Атап өту керек, жылжымалы кешен 22 қарашадан бастап, Байқоңыр қаласында өз жұмысын бастады. Ал, желтоқсан айының басынан Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, аудандарына шығып, жыл аяғына дейін 2 мыңнан аса тұрғынды онкоскринингтен өтпеген мақсатты контингетті және де сақтандырылмаған азаматтарды жылжымалы медициналық кешеннің зерттеу түрлерімен қамту жоспарлануда.

Мобильді бригада құрамы 12 маманмен, атап айтқанда онколог дәрігері, ультрадыбыстық зерттеу дәрігері, сәулелік диагностика дәрігері, рентген-лаборант және т.б мамандарымен қамтылған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: