Алматыда кран құлап, 49 жастағы ер адам мерт болды
Сурет: pixabay
Оқыс оқиға 23 қаңтар күні таңертең Алматы қаласының Таугүл-1 ықшамауданында орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz
Алматыда қалалық ПД Zakon.kz редакциясына құрылыс алаңында кран құлап, мерт болған 49 жастағы кран жүргізушісінің өліміне қатысты тергеу қолға алынғанын жеткізді.
Тергеу ҚР ҚК 277-бабы 2-бөлігі (тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде абайсызда адам өліміне әкеліп соққан қауіпсіздік ережелерін бұзу) бойынша жүргізіледі. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Көрші көпқабатты тұрғын үй тұрғындарының айтуынша, терезенің сыртынан дүңк еткен қатты дауысты естіген, жер сілкінісі кезіндегідей үй де қозғалған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бірнеше минуттан кейін оқиға орнына полиция мен дәрігерлер келіп жетті.
Қазіргі уақытта Алматыда қатты жел жоқ, екпіні – 0,83 м/с.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript