Алматыда қоқыс үйіндісі астында қалып кеткен ер адам мерт болды
Сурет: zakon.kz
Оқыс оқиға Алатау ауданында орналасқан Кенжехан базарының артындағы қоқысты қопару жұмыстары кезінде орын алған.
Үйінді астында қалып кеткен ер адамның денесін 109 қызметінің құтқарушылары алып шықты, деп хабарлайды zakon.kz.
Алматы қаласы құтқару қызметінің баспасөз қызметі 11 ақпанда сағат 14: 50-де кезекшінің шұғыл басқару пультіне көмек сұраған адамнан қоңырау келіп түскенін хабарлады.
Қоңырау шалған адам Алатау ауданында орналасқан Кенжехан базарының артындағы қоқысты қопарып, қазу жұмыстары кезінде ер адам құлап, үйінді астында қалып кеткенін, көмек қажеттігін айтты. 12 адамнан тұратын құтқарушылар тобы және екі кинологиялық экипаж оқиға орнына дереу аттанды. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар бірден іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізе бастады, деп хабарлады құтқару қызметі.
Құтқару жұмыстары кезінде ер адамның денесі табылды. Ол үйінді астынан шығарылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript