Қасіретті қаңтар оқиғаларын сипаттайтын ескерткіш жобасына конкурс жарияланды

Қаңтар оқиғалары Сурет: Zakon.kz
Алматыда 2022 жылдың қаңтарында орын алған қайғылы оқиғаларды сипаттайтын ескерткіш орнатылады, деп хабарлайды Zakon.kz

Алматы қаласының әкімдігі ескерткіш нысанының құрылыс тұжырымдамасына конкурс жариялады.

Қалалық Жоспарлау және урбанистика басқармасы ашық конкурсқа өтінімдерді 2022 жылдың 22 қаңтарынан бастап 10 ақпанына дейін қабылдайтын болады. Байқауға жеке авторлар да, шығармашылық ұжымдар да қатыса алады.

Мемлекет басшысының Алматыға жақында жасаған сапары кезінде  мемориалдық кешенде алматылық оқиғаларды мәңгі есте қалдыруды тапсырды.

Конкурстың шартына орай ескерткіш қоршаған ортаға үйлесімді болуы тиіс. Оны жасағанда сапалы материалдарды пайдаланған жөн.

Конкурс қорытындысы бойынша шешімді Алматы қаласының тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссия қабылдайды.

Ескерткіш Сәтбаев көшесінің оңтүстігі мен Назарбаев даңғылының батысына қарай қалалық әкімдік жанындағы скверде орнатылады деп болжануда.

Қосымша ақпаратты мына мекенжай бойынша алуға болады: Алматы қ., Абай даңғылы 90, (3-қабат) немесе 8 (727) 240-80-00 телефоны бойынша.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз