Түрікменстанда Гурбангулы Бердімұхамедовтің сәйгүлігіне ескерткіш орнатылады

Түрікменстан, Гурбангулы Бердімұхамедов, Ақхан, сәйгүлік, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.05.2022 14:49 Сурет: Instagram/gmberdimuhamedow
Түрікменстанның Ахал уәлаятында Гурбангулы Бердімұхамедовтің атақты Ақханына ескерткіш орнатылады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Халықтың ұлттық мақтанышы – ақалтеке жылқыларының даңқын арттыру мақсатында Түрікменстан президенті Ахал уәлаятының хякимлігіне жеке кәсіпорынмен атақты Ақханның мүсіні бар ескерткішті жобалау және салуға келісім-шарт жасасуға рұқсат беретін қаулыға қол қойды, – деп жазды «Туркменистан сегодня» басылымы.

Мақалада ескерткіштің құрылысы 2022 жылғы мамырда басталып, 2022 жылғы желтоқсан айында толық дайын күйде тапсырылуы тиіс екені жазылған.

«Хроники Туркменистана» ақпараттық агенттігінің жазуынша, Ақхан атты сәйгүлік жұрт назарына 2017 жылдан бастап ілінді. Сол жылы Ақханды ауыздықтаған шабандоз V Азия ойындарының алауын жақты.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: