Гурбангулы Бердімухамедов Конституцияны қайта өзгерту жөнінде ұсыныс тастады
Түрікменстан Халық Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов Конституцияны тағы да өзгертуді, бір палаталы парламентті қайтаруды және Халк Маслахатын (Халық кеңесін) 2020 жылғы өзгеріске дейінгідей қайтадан жоғары өкілді органға айналдыруды ұсынды, деп жазды "Туркменистан: золотой век".
Бұл ұсынысты 11 қаңтарда Милли Генгештің (парламент) қос палатасы мүшелерінің бірлескен отырысында үлкен Бердімұхамедов айтып, бұл ұсынысын ол "заң шығарушы органды уақыттың нақты талабы негізінде жетілдіру" қажеттігімен түсіндірді.
Халк Маслахаты құрамына Гурбангулы Бердімұхамедов, оның ұлы Сердар, Межлис басшысы, Жоғарғы сот төрағасы, бас прокурор және т.б.кіреді.
Халк Маслахаты Түрікменстан Конституциясына енгізілген өзгерістерді мақұлдап, сыртқы және ішкі саясатының бағыттарын, елдің даму бағдарламаларын бекітіп, қауіпсіздік пен бейбітшілік мәселелерін мақұлдай алады.