Жаңалықтар тізбегі
0

Джефф Безос «өлімге қарсы таблетка» жобасына бірнеше миллиард ақшасын жұмсады

Ғылыми жаңалық, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.01.2022 17:45 Сурет: Instagram/jeffbezos
Amazon компаниясының негізін қалаушы Джефф Безос өлімге қарсы технологияны дамыта түсу үшін жетекші ғалымдар тобын жасақтады, деп хабарлайды Zakon.kz

Қартаюға қарсы Alto Labs стартапына 3 миллиард доллар инвестицияланды. Безостан басқа, инвесторлар қатарында ресейлік-израильдік миллиардер Юрий Мильнер де бар, деп хабарлайды Futurism.

Стартаптың негізіне биологиялық қайта бағдарламалауға қол жеткізу миссиясы басшылыққа алынған. Бұл жасушаларды едәуір жасарту әдісі болып табылады.

Теория бойынша адам қартайған сайын жасушалары қалпына келуі мүмкін, бұл деменция сияқты ұлғайған жастағы ауруларды болдырмауға көмектеседі.

Жоба аясында GlaxoSmithKline фармацевтикалық гигантының бұрынғы бас ғылыми қызметкері Хэл Бэррон жұмыс істейді, ол қазір Alto Lab-тың бас директоры болып тағайындалды.

Сонымен қатар команда құрамында тін жасушаларды зерттеу саласындағы жұмысы үшін 2012 жылғы медицина саласындағы Нобель сыйлығының иегері, доктор Шинья Яманака және CRISPR гендік өңдеу құралын жасағаны үшін 2020 жылғы Химия саласындағы Нобель сыйлығының тағы бір лауреаты Дженнифер Дудна да бар.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: