Өлімге әкелетін аса қауіпті инфекциялар
Сонымен қатар, әлемдегі эпидемиологиялық жағдай нашар екені айтылды.
Оба ауруымен әлемде 175 адам сырқаттанған, 21 адам қайтыс болды. Оның ішінде: Конго Демократиялық Республикасы – 130 жағдай, 14 қайтыс болды; Мадагаскар – 41 жағдай, оның 6-уы қайтыс болды; АҚШ-та 3 жағдай, оның 1-уі қайтыс болды; Қытайда 1 жағдай, өліммен аяқталған жоқ.
Тырысқақпен әлемде – 141 327 адам сырқаттанып, олардың 4050 қайтыс болған. Оның ішінде: Африка аймағының 13 елінде (Нигерияда 107 911 жағдайы тіркеліп, 3598 адам қайтыс болды; Мозамбик – 3983 жағдай, оның 8-і қайтыс болған; Конго Демократиялық Республикасы – 10029 жағдай, оның 179 қайтыс болған; Камерун – 499 жағдай, 18 адам қайтыс болды; Эфиопия – 582 жағдай, 7 қайтыс болды; Кения – 36 жағдай, өліммен аяқталған жоқ; Нигер – 5591 жағдай, 166 адам қайтыс болды; Буркина-Фасо – 2 жағдай, өліммен аяқталған жоқ; Мали – 11 жағдай, 5 адам қайтыс болды; Бенин – 1173 жағдай, 11 адам қайтыс болды; Того – 39 жағдай, 5 адам қайтыс болды; Бурунди -1 жағдай, өліммен аяқталған жоқ; Уганда – 173 жағдай, өліммен аяқталған жоқ); Оңтүстік-Шығыс Азияның 2 елінде (Үндістан – 1307 жағдай, оның 9 қайтыс болған; Непал – 885 жағдай, 4 адам қайтыс болды); Шығыс Жерорта теңізі аймағының 3 елінде (БАӘ – 8 жағдай, өліммен аяқталған жоқ, Бангладештен әкелінген; Йемен – 5120 жағдай, оның 3 қайтыс болған; Сомали – 3971 жағдай тіркеліп, 35 адам қайтыс болды); Батыс Тынық мұхит аймағында (Малайзия – 1 жағдай, өліммен аяқталған жоқ); Қытайда 5 жағдай, өліммен аяқталған жоқ.
Күйдіргі ауруымен әлемде 471 адам сырқаттанған, 6 адам қайтыс болды. Оның ішінде: Африка аймағының 4 елінде (Кения – 6 жағдай, оның 1-уі қайтыс болды), (Уганда – 15 жағдай, оның 1-уі қайтыс болды), (Буркина-Фасо – 8 жағдай, оның 2 қайтыс болды), (Зимбабве – 212 жағдай, өліммен аяқталған жоқ); Еуропа аймағының 6 елінде (Испания – 2 жағдай, өлімен аяқталған жоқ), (Ресей – 2 жағдай, өліммен аяқталған жоқ), (Болгария – 1 жағдай, өліммен аяқталған жоқ), (Армения – 8 жағдай, өліммен аяқталған жоқ), (Қазақстан – 27 жағдай, өліммен аяқталған жоқ), (Қырғызстан – 16 жағдай, өліммен аяқталған жоқ); Батыс Тынық мұхиты аймағында: Қытайда – 162 жағдай, 2-уі өліммен аяқталды. Оңтүстік-Шығыс Азияның 2 елінде (Индонезия – 6 жағдай, өліммен аяқталған жоқ), (Үндістан – 6 жағдай, оның 1-уі қайтыс болған); Шығыс Жерорта теңізі аймағында: Иракта 5 жағдай, өліммен аяқталған жоқ. Америка аймағында, Аргентинада 1 жағдай, өліммен аяқталған жоқ.
Туляремия: әлемде 10 жағдай тіркелген, Еуропа аймағының 4 мемлекеттерінде (Беларусь Республикасында – 2 жағдай, өліммен аяқталған жоқ), (Украина – 1 жағдай, өліммен аяқталған жоқ), (Испания – 5 жағдай, өліммен аяқталған жоқ), (Қазақстан Республикасы – 1 жағдай, өліммен аяқталған жоқ); Батыс Тынық мұхиты аймағында: Тайваньда – 1 жағдай, өліммен аяқталған жоқ.
Қырым-Конго геморрагиялық қызбасымен әлемде – 360 адам сырқаттанып, олардың 25 қайтыс болған. Оның ішінде, Шығыс Жерорта теңізі аймағының 2 елінде: (Пәкістан – 6 жағдай, 2-уі өліммен аяқталды), (Ирак – 45 жағдай, 9 адам қайтыс болды); Еуропа аймағының 5 елінде (Испания – 5 жағдай, өліммен аяқталған жоқ), (Ресей – 41 жағдай, өліммен аяқталған жоқ), (Түркия – 243 жағдай, оның 13 қайтыс болды), (Грузия – 1 жағдай, өліммен аяқталды), (Қазақстан – 19 жағдай, өліммен аяқталған жоқ). Африка аймағында: Уганда – 2 жағдай, өліммен аяқталған жоқ, ОАР – 1 жағдай, өліммен аяқталған жоқ.
Бүйрек синдромды геморрагиялық қызбасы ауруының дүниежүзі бойынша 2916 жағдайы тіркелген, соның ішінде Еуропа аймағының 2 елінде: Ресей Федерациясы – 240 жағдай, өліммен аяқталған жоқ, Беларусь Республикасы – 19 жағдай, өліммен аяқталған жоқ. Батыс Тынық мұхиты аймағында Қытайда 2657 жағдай, оның 14 өліммен аяқталды.
Эбола қызбасымен дүниежүзі бойынша – 40 адам сырқаттанып, олардың 20 қайтыс болды. Оның ішінде: Африка аймағының 3 елінде (Конго Демократиялық Республикасы – 23 жағдай, оның 15 қайтыс болған), (Гвинея –16 жағдай, оның 5 қайтыс болған), (Кот-д’Ивуар – 1 жағдай, өліммен аяқталған жоқ).
Ласса қызбасы Африка аймағының 4 елінде - 558 адамның сырқаттануы тіркеліп, 133 адам қайтыс болған. Оның ішінде: Нигерия – 510 жағдай, 102 адам қайтыс болған, Либерия – 24 жағдай, 15 адам қайтыс болған, Гвинея – 8 жағдай, 7 адам қайтыс болған, Сьерра-Леоне – 16 жағдай, 9 адам қайтыс болған.
Денге қызбасымен әлемде – 1 638 240 адам сырқаттанып, олардың 1151 қайтыс болған. Оның ішінде, Америка аймағының елдерінде 1 187 287 жағдай тіркеліп, олардың 416 қайтыс болды. Батыс Тынық мұхиты аймағында 221 189 жағдай тіркеліп, олардың 399 қайтыс болды. Африка аймағында 1300 жағдай тіркеліп, олардың 2-уі қайтыс болды. Еуропа аймағының ішінде, Ресейде 2 сырттан келген жағдай тіркелген, өліммен аяқталған жоқ. Оңтүстік-Шығыс Азияда: Үндістанда 164 103 жағдай, 146 адам қайтыс болды, Таиландта – 9878 жағдай, оның 4 –уі қайтыс болды, Непалда 51 жағдай, оның 1-і қайтыс болды. Шығыс Жерорта теңізі аймағында: Пәкістанда – 48906 жағдай, 183-і өліммен аяқталды, Йеменде – 5224 жағдай, өліммен аяқталған жоқ, Ауғанстанда 300 жағдай, өліммен аяқталған жоқ.
Сары қызбамен әлемде 353 адам сырқаттанып, олардың 31 қайтыс болған. Оның ішінде, Америка аймағының 3 елінде: (Бразилия – 103 жағдай, 3 адам қайтыс болды), (Венесуэла – 11 жағдай, өліммен аяқталған жоқ), (Перу – 18 жағдай, 7 адам қайтыс болды); Африка аймағының 7 елінде (Чад – 45 жағдай, өліммен аяқталған жоқ), (Конго Демократиялық Республикасы – 2 жағдай, өліммен аяқталған жоқ), (Нигерия – 42 жағдай, 2 адам қайтыс болды), (Камерун – 35 жағдай, 7 адам қайтыс болды), (Орталық Африка Республикасы – 2 жағдай, 1 -і өліммен аяқталды), (Кот-д'Ивуар – 5 жағдай, өліммен аяқталған жоқ), (Гана – 90 жағдай, 11 адам қайтыс болды).
Хантавируспен әлемде 39 адам сырқаттанып, олардың 5 қайтыс болған. Оның ішінде: Америка аймағының 4 елінде (АҚШ – 5 жағдай, өліммен аяқталған жоқ), (Аргентина – 6 жағдай, өліммен аяқталған жоқ), (Чили – 7 жағдай, 3 адам қайтыс болды), (Панама – 11 жағдай, 1 адам қайтыс болды), Батыс Тынық мұхиты аймағында: Тайваньда 8 жағдай, өліммен аяқталған жоқ. Еуропа аймағында, Германияда 1 жағдай, өліммен аяқталған жоқ. Арика аймағында, ОАР – 1 сырттан келген жағдай, өліммен аяқталған жоқ.
Кьясанур орман ауруының дүниежүзі бойынша 5 жағдайы тіркелді, соның ішінде Үндістанда – 4 жағдай, өліммен аяқталған жоқ және Ресей Федерациясында 1 жағдай, өліммен аяқталған жоқ.
COVID-19 коронавирустық инфекциясының әлем бойынша (2020 жылды қоса алғанда) 287 991 834 жағдайы тіркеліп, 5 129 325 адам қайтыс болды.