Жаңалықтар тізбегі
0

Депутат түрмедегі бассыздықты тоқтатуды сұрады

Қанды қырғын , сурет - Zakon.kz жаңалық 24.01.2022 11:40 Сурет: facebook/Qazybek Isa
Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса қаңтар қырғыны туралы пікір білдіріп, түрмедегі бассыздықты тоқтатуды сұрады, деп хабарлайды Zakon.kz

Депутат Facebook парақшасында құқық қорғау органдарындағы заңсыздықтар жайлы айтты.

Жаңаөзенде басталып, жалпы елді қамтыған ереуілде көшеге шыққан халық бейбіт шеруге ел қамы үшін шықты. Кейін Алматыдан бастап, көп қалаларда бейбіт шерушілерге күмәнді топтар қосылып кетіп, арты қанды бүлікке айналды. Ал енді ереуілге шыққандары үшін ғана жастарымыз жазықсыз тұтқындалып, соққыға жығылып, азапталып жатқандары туралы көптеген нақты мәліметтер мен видеолар келуде. Әлеуметтік желілерде де жиі жазылуда. Арасында осындай түрмеде азаптаулардан өліп кеткендер туралы да ақпараттар бар.Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса

Қазыбек Иса митингке қатыспай-ақ, ауруханада жатып тұтқындалған азаматтар туралы айтты.

Тіпті олардың ішінде митингіге қатыспай-ақ, ауруханада өз жарақатымен жатқандарды тұтқындап алып кетіп, түрмеде азаптау қандай заңға, қандай адамдыққа жатады? Мысалы, бізге келген видео-мәліметте шалғайдағы Шардарадан Алматыға жұмыс іздеп барып, үй жөндеумен айналысып жүрген Сүндет Тоғайбайұлы Түрікпенбай қаңтардың 5-і күні түстен кейін Төле би-Байтұрсынұлы көшелеріндегі поликлиникада дәрігерге қаралып, анализдерін алып, үйіне бара жатқанда аяғына оқ тиеді. Қансырап жатқан ол №12 ауруханаға жеткізіледі. Оны осында емделіп жатқан жерінен 8 қаңтар күні түрмеге алып кеткен. “Алаңда болдым” деп мойында” деп, ұрып-соққан. “Ешқандай митингіге қатыспаған, ауруханада жатқан менің балам СИЗО-18 түрмесінде неге жатыр?” - деп, көз жасын көл етіп еңіреп, қайта-қайта талып қалып жатқан анасының видеосын көргенде шыдап тұра алу мүмкін емес! Әке-шешесі жалғыз сиырын сатып адвокат жалдап Алматыда жүр енді. Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса

Мәжіліс депутаты қылмыс жасағандар ғана жазалану керектігін баса айтып, түрмелердегі бассыздықтарды тоқтатуды ескертті.

Қан ішкендер құтылып, қарап жүргендер тұтылмауы тиіс! Тек қылмыс жасағандар ғана жазасын алуы қажет! Нағыз содырларға тосқауыл қою қолдарынан келмеген құқық қорғау органдары енді жазықсыз жастарға ойларына келгенін жасап жатқаны жанымызды ауыртуда. Көшеде көлденең содырлардың сойылын жеп, қаңғыған оқтан жарақаттанған жазықсыз жандар енді полицияда да соққылар жеуін шұғыл тоқтату тиіс!Ереуіл күндері көшелерде болған қанды қырғын енді түрмелерге ауысқаны не масқара! Қылмысты жасаған полицейлер қатаң жазаларын алуы керек.Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: