Қару-жарақ дүкенінен тоналған. Алматыда тәртіп сақшылары құпия қойманы тапты

Қылмыстық оқиға Сурет: ҚР ІІМ баспасөз қызметі
Алматыда ұрланған мылтық пен оқ-дәрілердің қоймасы табылды, деп хабарлайды Zakon.kz

Дәлірек айтсақ, құпия орын "Шаңырақ" ықшамауданындағы жеке тұрғын үйдің еденінің астынан табылды. Тәртіпсіздікке және қару-жарақ дүкенін тонауға қатысқан төрт адам ұрланған қару-жарақ пен оқ-дәрілерді осы араға жасырып, сақтаған.

Атап айтқанда, тінту кезінде оқтары бар екі мырыш, 12 РГД және Ф-1 гранатасы, АК-47-ге арналған екі патрон, оқ өткізбейтін киім, қалқандар, дулығалар, РПГ снаряды, тегіс ұңғылы мылтық, тоғыз мылтық және тағы басқалары анықталды. Айғақты заттар тергеу-жедел тобымен процессуалдық тәртіпте тәркіленді. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 188 бабы 3 бөлігімен және ҚР ҚК-нің 291 бабы 1 бөлігімен тіркелді. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков

Оның айтуынша, ұсталғандар арсенал табылған жалдамалы үйде бірге тұрған. Олардың жасы - 27, 35, 39-да.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз