«Жасыл» мәртебесі бойынша жұмыс істейтін нысандар үшін карантин жұмсартылады

ВАК отырысы Сурет: Zakon.kz
Қызметкерлері мен тұтынушыларының да "жасыл" мәртебесі болғанда жұмыс істейтін объектілер үшін эпидемиологиялық қауіп-қатердің барлық аймақтарында ("жасыл", "сары", "қызыл") карантиндік шектеулер жұмсартылады, деп хабарлайды Zakon.kz

Сондай-ақ "көк" мәртебесі бойынша жұмыс істейтін бизнес объектілері үшін де эпидемиологиялық қауіп аймағына байланысты карантиндік шектеулерді жеңілдету қарастырылады.

"Жасыл" аймақта – шектеу жоқ, "сары", "қызыл" аймақтарда – карантиндік шектеулер келушілер санын ұлғайту және жұмыс режимі бойынша шектеулерді алып тастау бойынша жеңілдіктер ұсынылады.

Осындай шешім 24 қаңтарда ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен отырыста қабылданды.

Премьер-министрдің орынбасары COVID-19-дың өте тез жұғатын түрі - "омикрон" штаммның таралуы бойынша күрделі жағдай қалыптасса, онда ВАК-қа эпидемиологиялық жағдайды оңалту үшін барлық ресурстарды жұмылдыру ұсынылғанын және басты басымдық халықты вакциналау және қайта вакциналау болып табылатынын атап өтті.

Кеңес соңында Ералы Тоғжанов әкімдіктерге вакциналау қарқынын күшейтуді тапсырып, мемлекет вакцинаның жеткілікті көлемімен қамсыздандырып отырғанын айтты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз