Қызылордада ломбард тоналды

Қылмыстық оқиға Сурет: ҚР ІІМ баспасөз қызметі
Қызылордада ломбардтан 300 млн теңгенің бұйымдарын ұрлаған екі күдікті ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

5 қаңтар күні жаппай тәртіпсіздік кезінде Қызылорда қаласында орналасқан “Ломбард” мекемесінен жалпы құны 300 млн теңге болатын алтын бұйымдар ұрланған.

Орын алған дерек бойынша ҚР-ның Қылмыстық кодексінің 188-бабының 4-бөлігінің 3-тармағымен (Аса ірі мөлшерде жасалған ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне қылмыстық іс тіркелген.

Жүргізілген жедел іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті ретінде Қызылорда қаласының екі тұрғыны ұсталып, уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды. Қазіргі таңда тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. ҚР ІІМ баспасөз қызметі
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз