"Қызыңды жұмысқа орналастырып беремін": Қызылордада тұрғынды алдаған күдікті ұсталды

Полицейские, сотрудники полиции, полиция, задержание, арест, наручники, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.04.2025 14:23 Фото: Zakon.kz
Қызылордада тұрғынды алдаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қызылордалық полицейлер алаяқтық жасады деген күдікпен 39 жастағы азаматшаны ұстады. Бұл азамат 2025 жылдың қаңтар айында "қызыңды жұмысқа орналастырып беремін" деген желеумен жәбірленушіден 800 000 теңге көлемінде ақша алған.

Алайда, уәде беріп жұмысына тұрғызбаған азаматша алған ақшасын да қайтармаған. 22 сәуірде полицияға жергілікті екі тұрғыннан алаяқтық дерегі туралы тағы осындай мазмұнда арыз түсті.

Жалпы жәбірленушілерге келтірілген материалдық шығын 3 млн теңгені құраған.

Күдіктіні ұстау мақсатында полиция қызметкерлері барлық қажетті жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, нәтижесінде алаяқтық дерегімен бұрын жауапкершілікке тартылған қала тұрғыны ұсталды.

Қазіргі таңда күдікті азаматшаның басқа да оқиғаларға қатыстылығы тексерілуде. Тергеу жүргізілуде. Қазіргі уақытта күдікті қамауда. Полиция департаменті азаматтарға қырағы болу және бейтаныс адамдарға сенбеу қажеттігін тағы да ескертеді.

Несие немесе басқа да әлеуметтік-материалдық көмек алуда күмәнді көмек ұсынатын, сондай-ақ ақша үшін жұмысқа орналастыруға уәде беретін әр түрлі алаяқтарға шамадан тыс сенім білдірмеңіз. Егер Сіз осындай қылмыстардың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, дереу полицияға "102" нөміріне хабарласыңыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: