"Жұмысқа кіргіземін": БҚО-да азаматтарды алдаған күдікті қолға түсті

Полицейские, сотрудники полиции, полиция, задержание, арест, наручники, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.03.2026 14:28 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
БҚО-да "жұмысқа кіргіземін" деп азаматтарды алдаған күдікті қолға түсті.

Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің Бөрлі аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жұмысқа орналастырамын деп алаяқтық жасады деген күдікпен 24 жастағы азаматты ұстады.

Анықталғандай, күдікті азаматтардың сеніміне кіріп, жұмысқа орналастырып беруге көмектесемін деген сылтаумен олардың ақшалай қаражатын иемденіп, кейін жасырынып жүрген.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу 19 эпизод бойынша жүргізілуде.

Келтірілген жалпы шығын көлемі 2 миллион теңгеден асады. Егер сіз күдіктінің әрекетінен жапа шеккен болсаңыз, полицияға хабарласуыңызды сұраймыз.

Полиция жұмысқа орналастыру немесе өзге де қызметтер үшін үшінші тұлғаларға ақшалай қаражат бермеу керегін ескертеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: