"Мемлекеттік бағдарламамен үй алып беремін": 4 бірдей тұрғынды алдаған күдікті ұсталды

Мошенничество, мошенники, мошенник, мошеннические схемы, вид мошенничества, финансовая пирамида, сетевой маркетинг, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.02.2025 14:57 Фото: freepik
Кентауда төрт бірдей тұрғынды алдаған күдікті ұсталды.

Түркістан облысы Кентау қаласының полиция бөлімінің қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікпен 24 жастағы ер адамды ұстады.

Белгілі болғандай, ер адам қаладан пәтер алмақ болған жәбірленуші әйелді алдап кеткен.

Жәбірленушімен танысқан күдікті қаладан мемлекеттік бағдарламамен үй алуға көмектесетінін айтқан.

Қызметі үшін ол алдын ала 500 мың теңге ақшасын алып, кейін онымен байланысын үзген.

Тәртіп сақшылары тексеру барысында күдіктінің дәл осылай алаяқтықтың 3 жайтына қатысы бар екенін анықтады. Келтірілген шығын көлемі 1,5 миллион теңге.

Қазіргі таңда күдіктінің ісі сотқа өтті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: