Алматы мен Алматы облысында электрмен жабдықтау қалпына келтірілді
Сурет: pixabay
«KEGOC» АҚ баспасөз қызметі "Солтүстік – Шығыс – Оңтүстік" 500 кВ транзиттік электр желілерінің барлығы қосылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz
13:39-да (Нұр-Сұлтан уақыты) Алматы энергия орталығы Бірыңғай электр жүйесімен синхрондалды.
Ұлттық электр желісінің Алматы энергетикалық торабымен қалыпты схемасы толығымен қалпына келтірілді. Алматы мен Алматы облысының өңірлік электр желілері компаниялары шектеулерді алып тастауда."KEGOC" АҚ баспасөз қызметі
Оңтүстік өңірлерді электрмен жабдықтауды қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда.
Тақырып бойынша оқи отырыңыз
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript