Алматы мен Нұр-Сұлтан арасында тағы бір қосымша пойыз қатынайтын болады
Сурет: ҚТЖ баспасөз қызметі
"Қазақстан темір жолы " ұлттық компаниясы"АҚ-тың БАҚ-пен жұмыс жөніндегі департаменті тағы бір қосымша жолаушылар пойызы іске қосылғанын жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматыдан Нұр-Сұлтанға жолаушылар тасымалына сұраныстың артуына байланысты "Жолаушылар тасымалы" АҚ "Алматы-2 – Нұр-Сұлтан-1" бағытындағы №205 қосымша пойызы жолға шықты. Пойыз Алматыдан елордаға 2022 жылдың 14 қаңтарында сағат 22.05-те аттанады. Дәл осы пойыз елордаға ертең, 15 қаңтарда, сағат 19.06-да келеді."Қазақстан темір жолы " ұлттық компаниясы"АҚ-тың БАҚ-пен жұмыс жөніндегі департаменті
Пойыздар қозғалысы қалпына келтірілгенін еске саламыз. Барлық жолаушылар пойыздары кесте бойынша жүреді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript