Тергеу изоляторына телефонды сабынға жасырып өткізбек болған адам әшкереленді

Кір сабынға телефон жасырған Сурет: ГМ-172/10 мекемесінің баспасөз қызметі.
25 қаңтарда Ақтаудағы тергеу изоляторындағы жұбайына барған әйел ұялы телефонды сабынның ортасына жасырып өткізбек болған, деп хабарлайды Zakon.kz

Әйел апарған сәлемдемені тексеру кезінде мекеме қызметкерлері тыйым салынған затты, атап айтқанда кір сабынының ішіне жасырылған ұялы телефонды тапты.

Аталған факті бойынша әкімшілік хаттама толтырылды (қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде, арнайы мекемелерде ұсталатын адамдарға тыйым салынған заттарды, бұйымдар мен заттарды беру). Материал процессуалдық шешім шығару үшін Ақтау қаласының мамандандырылған сотына жіберілді.

Қызметкерлер тыйым салынған заттар мен есірткі заттарын кез келген айла-амалдармен беру әрекеттерінің жолын кесу бойынша мақсатты жұмыс жүргізеді. ГМ-172/10 мекемесінің баспасөз қызметі
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз