«ӨКМ операторы» ЖШС басқарушы директоры Руслан Шәмшиев дүние салды

РОП операторы Сурет: Zakon.kz
Бұл ақпаратты Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті растады, деп хабарлайды Zakon.kz

Ер адамның мүрдесінің табылу фактісі бойынша «Есіл» аудандық полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабымен қылмыстық іс қозғады.

Қазіргі уақытта тергеудің толықтығын және дұрыстығын қамтамасыз ету мақсатында қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Алдын ала болжам бойынша, ол өзіне-өзі қол жұмсаған. Руслан Шәмшиев 2021 жылдан бастап "ӨКМ оператор" компаниясында құқықтық мәселелер жөніндегі басқарушы директор лауазымын атқарды.

Бұрын Шәмшиев "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясында, көлік прокуратурасында, сондай-ақ кеден органдарында жұмыс істеген.

Айта кетейік, Қылмыстық кодекстің 105-бабында жәбiрленушiнi қорқыту, оған қатыгездiкпен қарау немесе оның адами қадір-қасиетiн үнемі қорлау арқылы адамды өзiн-өзi өлтiруге итермелегені үшін үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру көзделген.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз