"Самұрық-Қазына" қоры өкілдері депутаттың сауалына жауап қатты

"Самұрық-Қазына" қоры, депутаттық сауал Сурет: sk.kz
"Самұрық-Қазына" қоры мәжіліс депутаты Аманжан Жамаловтың мәлімдемесіне жауап қатты, деп хабарлайды Zakon.kz

Бүгін мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов Қор қызметіне қатысты депутаттық сауал жолдап, "қордың құрылымы үкіметтің функцияларын алмастырып алғанын" сынап, қордың неліктен осыншалық тиімсіз болып қалғанын зерттеу қажеттігін алға тарқан еді.

Осыған орай Қор өкілдері жауап қатты.

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Аманжан Жамаловтың мәлімдемесіне жауап ретінде келесіні хабарлаймыз, мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында Қор бірінші кезектегі реформаларды іске асыруға бағытталған жүйелі жұмыс атқарып келеді.

Сондай-ақ мәлімдемеде "сатып алулар саласы мен бизнеске кедергілер келтіретін мәселелердің бір бөлігі тез арада шешілуін талап ететіндігі" жазылған.

"Қазіргі таңда Үкіметпен бірлесе отырып, Қор қызметінің тиімділігін арттыру жөніндегі жоспар әзірленіп жатыр. Ол мақұлданғаннан кейін ашық түрде жарияланатын болады", – делінген хабарламада.

Мемлекет басшысы "Самұрық-Қазына" қорын қайта реформалауға 1 ай уақыт беріп, ешқандай нәтиже болмаса, қатаң шешім қабылданатынын ескерткен еді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз