Жаңалықтар тізбегі
0

"Самұрық-Қазына" қорының төрағасы Тоқаевтың сынына жауап қатты

Самұрық-Қазына, президент тапсырмасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.01.2022 10:07 Сурет: sk.kz
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев ұлттық компанияда жүргізілетін алдағы реформалар туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz

Бұл туралы ол Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

Бүгін, ел басшысының саяси ерік-жігерінің арқасында «Самұрық-Қазынада» бірегей мүмкіндік пайда болды. Ол – қоғамда белсенді түрде талқыланып жатқан реформаларды жүргізу. Біз сындарлы ұсыныстарды реформалау бағдарламасының жобасына енгізу үшін ой бөлісуге дайын әрбір адаммен диалог жүргіземіз. Алмасадам Сәтқалиев

Ол жақын арада бұл жоспарлар ашық ақпарат көздерінде және "Самұрық-Қазына" қорының корпоративтік веб-сайтында жарияланатынын, барлық сұрақтарға жауап берілетінін хабарлады.

Сәтқалиевтің айтуынша, негізгі қағидалар ретінде ашықтық пен есеп беру, бизнеске кедергілерді жою, әлеуметтік жауапкершілік және сыбайлас жемқорлықпен күрес айқындалған. Ең шешуші тұс ретінде ұлттық байлықты әділетті түрде бөлу элементі ретінде Қазақстан Республикасы азаматтарының қор активтерін иеленуге тікелей мүмкіндігін айтуға болады.

Біз негізгі мәселелерді шешу үшін Қор компаниялары тобындағы бизнес-процестерді және корпоративтік басқару тәжірибесін реформалауға, мұнай, газ, көмір, теміржол көлігі, электр энергиясы және телекоммуникация нарықтарындағы қатынастар құрылымын өзгертуге бағытталған бірқатар теңдессіз шараларды ұсынамыз. Олардың негізгі мақсаты – ел экономикасындағы проблемаларды шешу. Біз сатып алу жүйесін түбегейлі қайта қарауды, отандық өндірушілер мен ШОБ субъектілерін қолдау тетіктерін күшейтуді көздеп отырмыз. Бұл мәселелер 26 қаңтар, сәрсенбі күні әлеуметтік желілерде онлайн-трансляция арқылы ашық диалог форматында бизнес қауымдастығымен талқыланады. Алмасадам Сәтқалиев

Қор ұсынған бағдарлама мақұлданған жағдайда, оның енгізілуі мен орындалуын қамтамасыз етуге дайын екенін жеткізді.

Еске салсақ, мемлекет басшысы 22 қаңтар күні бизнес-қауымдастықпен өткен кездесуде Сәтқалиевке Қорды түбегейлі реформалау міндетін жүктеген еді. Егер ол жүктелген міндетті атқара алмаса, қатаң шешім қабылданатынын ескерткен болатын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: