"Самұрық-Қазына" активтерін жекешелендіру мәселелері қаралуда
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ активтерін жекешелендіру мәселелері қаралды, деп хабарлайды zakon.kz primeminister.kz-ке сілтеме жасап.
Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кешенді жоспарына "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ-ның 167 активі енгізілген, олардың ішінде қазіргі уақытта 138 актив бойынша тармақтар орындалды. 21 компанияда өткізу және тарату/қайта ұйымдастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Халықаралық капитал нарықтарындағы жоғары құбылмалылыққа, энергия тасығыштарға бағалардың төмендеуіне және әлемдік экономиканың өсу қарқынының бәсеңдеуіне байланысты "ҚазМұнайГаз", "Air Astana", "Тау-Кен Самұрық", "Qazaq Air", "Самұрық-Энерго", "Қазақстан темір жолы" және т. б. бірқатар стратегиялық активтерді бәсекелі ортаға беру мерзімін 2021-2023 жылдарға ауыстыру туралы шешім қабылданды.