Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтөбеде пробация есебінде тұрған 30 адамға рақымшылық жасалмақ

Рақымшылық, Тәуелсіздіктің 30 жылдығы, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.01.2022 17:52 Сурет: pixabay
Ақтөбеде пробация есебіндегі 30 сотталған адам рақымшылыққа ілінді, деп хабарлайды Zakon.kz

Бұл туралы Polisia.kz сайты жазды.

Өткен жылдың 8 желтоқсанынан бастап Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты iзгiлiк қағидаты басшылыққа алына отырып, “ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы” Заңы күшіне еніп, алты ай мерзімге созылатын рақымшылық жасау басталды.

Аталған Заңға сәйкес сотталғандардың бірнеше тобына, соның ішінде әлеуметтік жағынан осал азаматтарға (ардагерлер, кәмелетке толмағандар, жүкті әйелдер, егде жастағы азаматтар, I, II-топтағы мүгедектер және т.б.) рақымшылық қолданылады.

Заңның жеке бабында рақымшылық жасалмайтын қылмыс жасаған азаматтардың тізімі көрсетілген. Олардың ішінде ұлттық қауіпсіздік негіздеріне қарсы террористік-экстремистік қылмыстар, кісі өлтіру, адам ұрлау, кепілге алу, жыныстық тұтастыққа қарсы қылмыстар бар.

Қазіргі таңда Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД Хромтау аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған 30 сотталғанға қатысты рақымшылық қолдану туралы ұсыныс сотқа енгізілді. Оның ішінде залал келтіруге әкеп соқпаған немесе оны толық өтеген онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар үшін сотталған 12 азаматқа қатысты жазаны өтеуден босатылуға, сондай-ақ ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін сотталған 18 азаматқа қатысты жазаның өтелмеген мерзімін қысқартуға бағытталған іс-құжаттар Хромтау аудандық сотының қарауына жолданды. Хромтау аудандық пробация қызметінің инспекторы Ізбасар Сәт
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: