Ақтөбеде пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандарға көмек көрсетілуде
Жәрмеңке барысында пробация қызметі есебінде тұрған жұмыссыз азаматтарға бүгінгі күнге келіп түскен барлық тұрақты бос жұмыс орындары, кәсіп ашу үшін мемлекеттік грант және шағыннесие алу, еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар бойынша кәсіптік оқыту, біржолғы көмек және бағдарлама аясында белсенді шаралар бойынша толық ақпарат берілді.
Пробация қызметі есебінде тұратындарды жұмысқа орналастыру бойынша белгіленген квотаға сәйкес 4 мекемеден 15 бос жұмыс орындары ұсынылды.
Нәтижесінде, жәрмеңкеге 22 адам қатысып, оның ішінде: 16 адамға тұрақты жұмысқа жолдама берілді, 1 адам кәсіптік оқытуға ниет білдірді, 5 адам әр түрлі себептерге байланысты ұсынылған жұмыстардан жазбаша түрде бас тартты.