Мемлекет басшысы Nur Otan-ның бұған дейін атқарған жұмыстарын сынға алды
Сурет: Nur Otan партиясының баспасөз қызметі
Қасым-Жомарт Тоқаев Nur Otan-ның Съезінде мемлекет басшысы ретінде өзін ашық әрі адал саяси бәсекелестікке кепіл болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz
Мен елді жан-жақты жаңғыртудың ауқымды күн тәртібін ұсындым. Nur Otan оны іске асыруға белсене араласып, Қазақстанның прогрессивті өзгерістері мен жаңаруының нағыз қозғаушы күші болуы тиіс. Бірақ бұл үшін Nur Otan өзі жаңаруы тиіс. Бұл косметикалық қайта жүктеуді емес, партияның бүкіл жұмысын түбегейлі қайта құруды қажет етеді. Қ. Тоқаев
Осыған орай Президент биліктің барлық тармағының келісіп әрекет етуін және мемлекеттік органдардың халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз ету өзінің конституциялық міндеті санайтынын айтты.
Сондай-ақ Қасым-Жомар Тоқаев партия төрағалығына қатысты әңгімеге кейінірек қайтып оралатынын айтып қалды.
Бұл жағдайлар, әрине, президенттің кез келген партиялар мен қозғалыстардың қызметінен алшақтауын болжайды. Сондықтан біраз уақыттан кейін, мүмкін, осы жылдың соңына қарай, менің Nur Otan-ға одан әрі төрағалық етуімнің орындылығы туралы мәселеге қайта ораламыз. Қ.Тоқаев
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript