Жаңалықтар тізбегі
0

Ұлым үйленбеді: 55 жастағы ер адам өзіне қол салмақ болды

Өзіне қол салды, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.01.2022 16:34 Сурет: pixabay
Шанхайда ер адам 29 жастағы ұлы үйленбей, немере сүймегендіктен, өзіне қол салмақ болған, деп хабарлайды Zakon.kz

Insider басылымының жазуынша, 22 қаңтарда 55 жастағы ер адам теміржол станциясында жергілікті күзетшілерге хатын беріп, өлмек болып, көп дәрі ішіп алғанын айтады. Ол сол мезетте есінен танып, күзетшілер жедел жәрдем шақырған. Абырой болғанда дәрігерлер оның өмірін аман алып қалды.

Хатта ер адам жалғыз ұлының жасы келсе де, үйленбей жүргеніне наразылығын білдірген. Сонымен қатар замандастарының бәрі немерелі екенін, бұл қорлыққа ендігі көндіге алмайтынын жазыпты.

"Менің жасымдағы адамдардың барлығының балалары мен немерелері бар. Ал сенің жасын 29-ға келсе де, отбасың жоқ", – деп жазыпты ол.

Қазіргі уақытта қытайлық азамат қаладағы ауруханалардың бірінде емделіп жатыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: