СҚО ПД бастығы болып Айдын Қабдолдинов тағайындалды

Кадрлық тағайындау Сурет: polisia.kz
ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен Айдын Қабдолдинов Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

СҚО ішкі істер органдарының жеке құрамына жаңа басшыны ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев пен Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов таныстырды.

Айдын Тоқтарұлы Қабдолдинов 1977 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 1994 жылдан бастап ішкі істер органдарында қызмет атқарып келеді. ҚР ІІМ Алматы заң институтының түлегі. Тергеу және жедел әрекет бөлімшелері бойынша үлкен жұмыс тәжірибесіне ие. 2020 жылдың ақпан айынан бастап осы күнге дейін Алматы қаласы ПД бастығының орынбасары болып қызмет атқарып келді.

Ал бұған дейін СҚО ПД бастығы болған Марат Төлебаев Нұр-Сұлтан қаласы ПД бастығы болып тағайындалған болатын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз